2026 жылдың есепті кезеңінде Қарасу ауданының жергілікті атқарушы органдарына барлығы 334 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:
Қарасу ауданы әкімінің аппаратына 83;
251 ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарына, 62 ауданның мемлекеттік мекемелеріне.
Өтініштердің түрлері бойынша:
80 өтініш;
4 шағым;
250 басқа (сұраулар, ұсыныстар, пікірлер).
Мемлекеттік органдарда түсу бойынша қаралған өтініштердің саны 276 немесе 82.6 %.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің ең көп саны:
Еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері- 23 – (6,5%);
ауыл шаруашылығы- 22 (6,5%);
әрекеттер/әрекетсіздік (шағымдар) -4 (1,1%)
жер және жерді пайдалану мәселелері - 20 (5,9%)
Құрылыс -7 (2%);
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және су-электрмен жабдықтау мәселелері - 12 (3,5%);
Басқалары-246 (73,6%).
Есепті кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылығымен (аудан әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері) 15 азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді. Оның ішінде: аудан әкімі - 5 қабылдау (5 өтініш қабылданды), әкім орынбасарлары -3 қабылдау (3 өтініш қабылданды).
Ауыл және ауылдық округ әкімдерімен 7 қабылдау өткізілді. Жамбыл ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш қабылдады), Қарамырза ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш қабылдады). Люблин ауылдық округінің әкімі 2 қабылдау өткізді (2 өтініш қабылдады). Новопавловка ауылының әкімі 2 қабылдау өткізді (2 өтініш қабылдады). Шолақашы ауылдық округінің әкімі 1 қабылдау өткізді (1 өтініш қабылдады).
Жеке қабылдауға жүгінгендердің сұрақтарының сипаты бойынша өтініштер бөлінді:
Көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері - 10; Еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері -1;
басқа – 4.
Шағымдар бойынша.
Келіп түскен өтініштердің ішінде аудан әкімінің аппаратында 4 шағым бар (2 - толық қанағаттандырылған, 1 - қайтарып алынған, 1 - қаралу үстінде).