Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь және Черняев ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2026 жылғы 5 мамырда сағат 18.00-де Қарасу ауданы Октябрь және Черняев ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Қазан сайлау округінде 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат "өзін-өзі ұсыну" жолымен ұсынылды және 1 кандидат "AMANAT "партиясы"қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Черняев сайлау округінде 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат "өзін-өзі ұсыну" жолымен ұсынылды және 1 кандидат "AMANAT "партиясы"қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2026 жылғы 10 мамырда сағат 18.00-де аяқталады.

Аумақтық сайлау

Қарасу ауданының комиссиясы

Дата публикации
05 мая 2026