Қарасу ауылы 2026 жылғы 22 сәуір
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағы 1 және 2-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданында 2026 жылғы 31 мамырға сайлау тағайындалсын:
- Октябрь ауылдық округі әкімінің;
- Черняев ауылдық округінің әкімінің.
- 2026 жылғы 31 мамырға тағайындалған Қарасу ауданы Октябрь және Черняев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарасу ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ресми интернет-парақшасында және «Қарасу өңірі» аудандық газетінде жариялансын.