Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

Тапсырмалар:

халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету

 

Функциялар:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

3) өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектерді әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

6) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;

7) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

9) қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;

10) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

11) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;

12) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

13) Жеке және заңды тұлғалардың, бөлім басшысының және бөлім орынбасарының өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;

Документы
Мемлекеттік қызмет стандарты
26 мая 2023
Қарасу ауданының әкімдігі
«Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Хабарландыру
17 февраля 2022
Қарасу ауданының әкімдігі
Хабарландыру бағдарлама (Өрлеу)
Мемлекеттік қызмет стандарты
14 февраля 2022
Қарасу ауданының әкімдігі
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Новости
Полезные материалы
"2022 жылы Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы" жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" КММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік қызмет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Қарыз жүктемесін төмендету бойынша көмекті қалай алуға болады?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабындағы 1-тармағына сәйкес, банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.

Заңның 7-бабындағы 3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.

Көрсетілген талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың банктерді қарыз аушылардың банктік заемдері бойынша шарттарын өзгертуге міндеттеу бойынша құқықтары жоқ (атап айтқанда сыйақы ставкасын төмендету, төлеу кестесін өзгерту, төлемдер бойынша мерзімін шегеру, қарызды кешіру және т.б.).

Осыған байланысты сіз қарызды қайтару шартын өзгерту туралы өтінішіңбен қарыз алған банкке баруыңыз қажет.

Банк сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ішкі банктік бағдарламалар шеңберінде аталған қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен басқа банктерге барып өтініш бере аласыз.

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес  жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

Социальные медиа

Қарасу ауданы
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы