
Тапсырмалар:
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету
Функциялар:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
3) өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектерді әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
6) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласында мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;
7) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
9) қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
10) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
11) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
12) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару жөніндегі арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
13) Жеке және заңды тұлғалардың, бөлім басшысының және бөлім орынбасарының өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау.