"Победа ауылы әкімінің аппараты" ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

Әрекет ету тәртібіне сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НК.

«Победа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм беру;
  2. Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесiн жеке меншiкке бiр мезгiлде немесе бөлiп-бөлiп сату;
  5. Жер телімін алуға кезекке қою.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру түріне қарай мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қарабалық ауылы, И.Щеголихина көшесі, 3, үй мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» МКК Қостанай облысы бойынша филиалы Қарабалық ауданының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі.
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz. 

Аталған мемлекеттік қызметтердің тізімі бойынша кеңесті 34-229 телефоны арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Победа а., Бәйтерек көшесі, 9.

Мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
24 ноября 2023