Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп
«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024 жылдың 27 наурыздан 29 наурызға дейін «Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, ведомстволары жоқ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. «Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Талдау мерзімі: 2024 жылдың 1 тоқсанына
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
Талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар табылған жоқ.
«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Штат саны - 4 бірлік (мемлекеттік қызметкерлер).
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қосарлау фактілері жоқ.
Қызметкерлерге еңбек демалысын беру бекітілген кестеге сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы мен еңбек кодексіне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді еңбек демалысынан шақырту фактілері жоқ.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Теріс себептермен жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.
«Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салулардың бұзушылықтары анықталмады, команда тұрақты жұмыс істейді, кадрлық ауыс-түйіс жоқ.
2024 жылдың 1 тоқсанына 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді: ХҚО арқылы - 0, ПЭП арқылы - 0, Мио арқылы - 0, мемлекеттік қызметті алудан дәлелді бас тарту -0, электрондық е-лицензиялау портал арқылы – 0, көрсетілген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтерді болған жоқ, сапасына, қызметкерлеріне немесе қызмет көрсету мерзіміне ағымдар болған жоқ.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін басшылыққа ала отырып, 2024 жылдың 1 жартыжылдығына 18 келісімшарт оның 0-ы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Бұл келісімшарттар жасалып, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылған (www.goszakup.gov.kz), оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 5 келісімшарт;
- аяқталмаған сатып алулар үшін бір көзден - 9 келісімшарт;
- ашық тендер - 0 келісімшарт;
- тікелей келісім бойынша бір көзден - 2 келісімшарт;
- сайыс – 0;
- негіздемелік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі – 2.
2024 жылдың 1 тоқсанына өтініштер тіркелді: оның 0-і жеке тұлғалар - 0, заңды тұлғалар - 0. Көрсетілген мерзімдерді бұзған шағымдар түскен жоқ. Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында тіркелді - 0.
«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде кестеге сәйкес ауылдық округ әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Қабылдау уақыты туралы ақпарат ақпараттық стендте орналастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 26-4-32 сенім телефонында кез-келген азамат Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзу фактілері туралы хаба
«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.