2026-2028 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің азаматтық бюджеті Михайлов ауылдық округінің бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.
Ол құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелері.
Ауылдық округтің бюджеті – ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған ауылдық округ әкімінің, оған ведомствалы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.
2026-2028 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне, 2026-2028 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №242 шешімімен бекітілген.