«Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2024 жылға арналған жыл сайынғы есеп

1.Жалпы ережелер.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

 «Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 «Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ, Лесное ауылы, Жастар көшесі, 7, тел: 8-714-41-40-5-38.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес, Лесное ауылы әкімі аппаратымен 0 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

  1. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

2.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  2. "Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату".

5.«Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру».

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қызметті алушыларға тегін, электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі.

"Лесное ауылы әкімінің аппараты" ММ көрсететін барлық қызметтерге ережелер мен стандарттар бекітілген.

        3) Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2024 жылы Лесное ауылы  әкімі аппаратымен 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: "Е-лицензирование" портал арқылы

  1. Есепті кезеңде «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 0;
  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2 мемлекеттік қызмет.

 

Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

Лесное ауылы әкімі аппаратында ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер туралы  нормативтік-құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтама  материалдары ресімделген.

        Қарабалық ауданында әркім клиент өздігінен электрондық қызмет алалатын немесе қызметкер – консультанттын көмегімен «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету бұрышы  бар «Азаматтарға  арналған үкімет» НК КАК Қостанай облысы  бойынша  филиалы ХҚҚО Департаментінің Қарабалық аудандық  бөлімі қызмет атқарады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Қарабалық ауданы әкімі аппараты тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: акиматта ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген көрсететін  қызметтер тізімі орналастырылған, өзіне-өзі қызмет ету бұрышы жабдықталған, азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін «электронды үкімет» порталына қосылған компьютер орналастырылған, Лесное ауылы әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызмет алу бойынша азаматтарға қызмет көрсетуге оқытады және көмек көрсетеді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курсынан ешкім өткен жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Лесное ауылы әкімінің аппаратында ай сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп қалыптастырылады, кейіннен оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады. 2024 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен тексерулер жүргізілген жоқ.

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.  Осылай, 2025 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері жөнінде іс-шаралар:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;

- адамдарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стенд, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы уақытылы хабарландыру;

- қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация, «электронды үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік туралы хабарландыру және түсіндіріп тарату үшін іс-шараларды жүргізу;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыру көзделген.

«Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2024 жылға арналған жыл сайынғы есеп
Дата публикации
10 апреля 2025