2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданының Лесное ауылы азаматтық бюджеті Лесное ауылы бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.
Ол құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелері.
Ауылдық округтің бюджеті – ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған ауылдық округ әкімінің, оған ведомствалы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.
Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.
2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданының Лесное ауылы бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне, 2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданының Лесное ауылы әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №78 шешімімен бекітілген.
Орта мерзімді кезеңге арналған ауылдық округ бюджетінің болжамды көрсеткіштерін және бюджет жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»