Лесное ауылы әкімінің «Лесное ауылының «Манас» ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Аталған шешімнің жобасын қабылдаудың мақсаты Лесное ауылының «Манас» ЖШС аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу болып табылады.
Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15222691