«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп

Құрамында «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылының әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі ауылдық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Лесное ауылы  әкімдігінің мамандары бар жұмыс тобы ішкі талдау жүргізді, «Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін келесі бағыттар бойынша:

         - 2026 жылғы 18 мамырдан 3 маусымға дейін мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,

- 2026 жылғы 3 маусымнан 18 маусымға дейін ауылдың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ол Лесное ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

«Қарабалық  ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қарабалық ауданының әкімдігі болып табылады.

2025 жылғы шілде-желтоқсан айлары аралығында Лесное ауылының әкімі мемлекеттік органның қызметін реттейтін 31 өкім шығарды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 24 өкім, жеке құрам бойынша – 17 өкім.

2026 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік органның қызметін реттейтін 31 өкім шығарылды, оның ішінде: негізгі қызмет бойынша – 16 өкім, жеке құрам бойынша – 15 өкім.

«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «E-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы және ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауы барысында жүзеге асырылады. Есепті кезеңде әкім аппаратына жеке тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті (2025 жылғы шілде–желтоқсан айларында – 1 өтініш, 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында – 2 өтініш). Заңды тұлғалардан тіркелген өтініштер болған жоқ.

«Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» ММ 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық есеп
Дата публикации
19 июня 2026