
Электрондық үкімет және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейін көтеру – ел басшылығы мен Министрлік жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
2019 жылдың 1 шілдесіне "Электрондық үкімет" порталында 9,3 млн. пайдаланушы тіркелген және осы күнге дейін 23,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілген. Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні тізілімдегі 740 қызметтің 635-і «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының алаңы арқылы көрсетіледі. Барлық мемлекеттік қызметтердің 532-і немесе 71,9%-ы электронды түрде рәсімделеді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алаңында мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін елде 329 ХҚКО, оның ішінде 23 арнайы ХҚКО (соның 16-сы автодроммен жабдықталған) және 17 цифрлық қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2019 жылдың 6 айында ХҚКО 15 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін egov арнайы мобильдік қосымшасы әзірленді. Мобильдік қосымша арқылы бүгінгі күні 77 мемлекеттік қызметті алуға болады. Ал Telegram мессенджеріндегі @EgovKzBot арқылы 25 түрлі қызмет пен сервис қолжетімді. Тағы 31 қызметті бір реттік құпия сөз жүйесі арқылы ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру саласында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің орташа мерзімін 25%-ға (8 күннен 6 күнге дейін) қысқартуға және қағаз құжат айналымының көлемін 110 млн. құжатқа (оның ішінде анықтамалар) азайтуға мүмкіндік берді, бұл ретте жанама экономикалық тиімділік 15,7 млрд. теңгені құрайды.
Саланы одан әрі цифрландыру үшін барлық процестер мен жүйелерді интеграциялау және қағаз құжаттар мен анықтамаларды алып тастау маңызды. Ол үшін арнайы Интеграциялау жоспары әзірленіп, іске асырылуда, соған сәйкес 2019 жылы 196, ал 2020 жылы 39 интеграциялау жобасы жүзеге асырылуы тиіс.
"Smart Bridge"жобасы өзара интеграциялау процесін жеделдетуі тиіс. Оның мақсаты барлық мемлекеттік органдардың деректер базалары мен ақпараттық жүйелері үшін бірыңғай платформа құру, сондай-ақ барлық интеграциялық рәсімдерді оңайлату болып табылады.
Бұдан басқа, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің "Болашақтың цифрлық экономикасын", атап айтқанда "ауқымды деректер" және "жасанды интеллектті" дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында "деректердің бірыңғай қоймасы" жобасын енгізу күтілуде.
ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Поштаны сындыра алады және ЭЦҚ ұрланады.
ЭЦҚ-ны бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз
ЭЦҚ-ны компьютерде сақтамаңыз.
Күрделі құпия сөзді орнатыңыз.
Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығы бәсекелес ортада. «Байланыс туралы» заң бойынша байланыс операторлары өз желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады және министрлік бұл қызметке араласа алмайды.
Әдетте, интернет қызметін қосу үшін абонент осы техникалық мүмкіндікке ие бола отырып, сіздің мекенжайыңыз бойынша қызмет көрсететін кез келген байланыс операторларына жүгіне алады.
Техникалық мүмкіндіктер туралы айта отырып, қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Қазақстанның ауылдарын Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырып жатқанын атап өту маңызды. Яғни, байланыс операторлары болашақта байланыс қызметтерін кепілді сатып алуды қамтамасыз ете отырып, өз есебінен бүкіл ел бойынша 20 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсейді. Бұл жұмыс жүргізілетін елді мекендердің тізімі жергілікті әкімдіктермен келісіледі.
Сіз өз мәселеңізді сипаттап, өтініш жібере аласыз
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы;
Сіздің өтінішіңізді алғаннан кейін телекоммуникация Комитеті және аумақтық бөлімшелер ұялы байланыс желілерімен қамту аймақтарындағы проблемалық орындарды айқындай отырып, жоспардан тыс тексерулерге бастамашылық жасайды.
Ұялы байланыс желілері параметрлерінің белгіленген нормалардан ауытқуы анықталған жағдайда, операторлар ӘҚБтК (ӘҚБтК) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.