Жер қатынастары – бұл жерге иелік ету, оны пайдалану және оған билік жүргізу, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар мен азаматтар арасындағы қоғамдық қатынастар.
Жер құқықтық қатынастары – бұл жерді пайдалану және оны қорғау бойынша, жер ресурстарын басқаруға, жер учаскелерін жекелеген субъектілерге бекітуге, меншік құқығы мен жерге қатысты басқа да құқықтарды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастар;
Жер құқықтық қатынастарының субъектілері – бұл аталған құқықтық қатынастарға қатысушы және соған байланысты құқықтар мен міндеттерге ие болатын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер.