Меню

Страницы

Статья

Техникалық байқау станциясының иесі адам өмірі қиылған жол-көлік оқиғасынан кейін жауапқа тартылды.

Техникалық байқау станциясының иесі адам өмірі қиылған жол-көлік оқиғасынан кейін жауапқа тартылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қостанай облысында Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Ол соқтығысуды болдырмау үшін шұғыл тоқтауға тырысқанын мәлімдеді, бірақ апаттан құтылу мүмкін болмады.

Оқиға болған жерді тексерген полиция қызметкерлері тежегіштің іздерін таппады. Бұл автокөліктің тежеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне күдік туғызды. Тергеу барысында автокөліктің дөңгелектерінің бірінде тежегіш дискісі болмағаны анықталды. Бұл тежеу тиімділігін айтарлықтай төмендеткен.

Апат болардан бес күн бұрын бұл көлік міндетті техникалық тексеруден өткені полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Онда тежегіш жүйесінің анық ақауына қарамастан, көлік жарамды деп танылған.

Адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот жүргізушіні кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ жүргізуші куәлігінен бес жылға айыруды тағайындады.

Сонымен қатар, полицияның ұсынысы бойынша автокөлікті техникалық тексеруден өткізген жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері полицейлер түрлі мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 1000-нан астам ұсыныс жолдады.

Дата публикации
25 ноября 2024
Дата обновления
25 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
10 ноября 2025
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
06 ноября 2025
ТКШ және абаттандыру
Ақпарат
10 октября 2025
Пешті жылыту кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы