Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына, 69-бабының 4 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1- тармағының 6) тармақшасына сәйкес және «KITOIL-2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші мен жер учаскесінің схемасы негізінде, Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «KITOIL-2025» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті аумағында орналасқан, ауданы 5,78 гектар жер учаскесіне «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Приуральское ауылында өсімдік майын шығаратын зауыт, құрама жем зауыты және шағын элеватор салу» жобасын әзірлеу шеңберінде өсімдік майын шығаратын зауыт, құрама жем зауыты және шағын элеватор үшін әуе электр желісінің бағаналарын орнату нысаналы мақсатымен шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
- «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Р. Байканов