«Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшаларына, 69-бабының 4 тармағына және  «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті   мемлекеттік   басқару   және   өзін-өзі басқару  туралы» Қазақстан    Республикасы    Заңының     35-бабы     1- тармағының      6) тармақшасына    сәйкес    және     «Қарабалық    ауданы    әкімдігінің құрылыс,   сәулет   және    қала     құрылысы      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   өтініші мен жер учаскесінің схемасы негізінде, Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті аумағында орналасқан, Қарабалық кенті, Новоселов көшесі мекенжайындағы «Қарабалық кентіндегі тұрғын үйлерге дейін жеткізуші газ құбырын салу» объектісі бойынша жеткізуші газ құбырын салу және пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0064 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қамдық сервитут) белгіленсін.
  2. «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

            1) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

                                                                                    Р. Байканов

 

Дата публикации
27 марта 2026