
Өмір бойы, әртүрлі өмірлік жағдайларда болған кезде, әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігіне тап болады: неке тіркеу, баланың туғанын тіркеу, емханаға тіркелу, бизнес ашу және т.б. қажет. Мұндай қызметтердің саны бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізімінде 740. Олардың 71,9%-ы толық автоматтандырылған және бір терезе принципі бойынша көрсетіледі.
Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде, электрондық қызметтер порталы egov.kz, мобильді қосымша MGov және Телеграм-бот арқылы, сондай-ақ оффлайн режимінде, "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясының 329 фронт-офисінің біріне жүгіну арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт аясында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру үшін барлық мемлекеттік органдардың процестері мен жүйелерін біріктіру, қағаздық құжаттар мен анықтамаларды жою жоспарланған. Бүгінде министрліктер мен ведомстволардың жүйелерін біріктірудің арнайы жоспары әзірленіп, іске асырылуда, оның арқасында әртүрлі ведомстволық жүйелер арасында деректерді автоматты алмасу құрылады.
Өзара біріктіру процесін жеделдету «Smart Bridge» жобасына тапсырылған. Оның мақсаты барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен дерекқорлары үшін бірыңғай платформа құру, сондай-ақ барлық интеграциялық процедураларды жеңілдету.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру жұмысына барлық мемлекеттік органдар-қызмет көрсетушілер тартылған. Бұл процесті үйлестіруші ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тағайындалған.