Бөрлі ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының
Хаттамасы № 6
Бөрлі ауылы «18» қыркүйек 2025 жыл
әкімдіктің акт залы сағат 15:00
Қатысушылар: Бөрлі ауылының тұрғындарының өкілдері Токарева И.И., Теницкая Т.В., Дарменко Е.В., Асанова Д.Т., Альтанова Г.С., Шукеева Д.А., Мухамеджанов К.К. – барлығы 7 адам.
Отырысты ашты: Бөрлі ауылы әкімінің міндетін атқарушы Еспулова Гульжан Бахитжановна. Ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынамын.
Теницкая Т.В. және Дарменко Е.В. Токарева И.И. төраға ретінде, Альтанова Г.С., – хатшы етіп сайлауды ұсынды.
Дауыс берді:
«Қолдады» – 7 адам,
«Қарсы» – жоқ,
«Қалыс қалған» – жоқ.
Бұдан әрі жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті қоғамдастық төрағасы басқарады.
Төрайымы: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Бөрлі ауылының әкімінің бастамасы бойынша күн тәртібіне келесі мәселе енгізілсін: «2025 жылға арналған Қарабалық ауданы Бөрлі ауылы бюджетінің кірісі мен шығыс бөлігін өзгерту туралы мәселені қарау».
Дауыс берді:
«Қолдады» – 7 адам,
«Қарсы» – жоқ,
«Қалыс қалған» – жоқ.
Төрайымы: Ұсынылған мәселе күн тәртібіне еңгізіледі. Жиналысты жүргізу үшін жұмыс регламентін бекіту қажет. Келесі тәртіпті ұсынамын: жиналыс үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін. Баяндамашыға 15 минутқа дейін, түсініктемелер мен басқалар үшін 3 минуттан артық емес уақыт беріледі.
Дауыс берді:
«Қолдады» – 7 адам,
«Қарсы» – жоқ,
«Қалыс қалған» – жоқ.
Төрайымы: Күн тәртібінде «2025 жылға арналған Қарабалық ауданы Бөрлі ауылының бюджетінің кірісі мен шығыс бөлігін өзгерту мәселесін қарау». Баяндаушы - Бөрлі ауылы әкімінің м.а. Еспулова Г.Б.
Еспулова Г.Б.: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 89, 91-баптарына, № 171-VIII «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық мүшелеріне «2025 жылға арналған Қарабалық ауданы Бөрлі ауылының бюджетінің кірісі мен шығыс бөлігінің өзгеруімен бюджет жобасын» келісуге шақырамын (жоба жиналыс мүшелеріне ұсынылды).
Төрайымы: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, мен келісуді ұсынамын «Қарабалық ауданы Бөрлі ауылының бюджетінің кірісі мен шығыс бөлігі өзгерген 2025 жылға арналған бюджет жобасы».
Дауыс берді:
«Қолдады» – 7 адам,
«Қарсы» – жоқ,
«Қалыс қалған» – жоқ.
ШЕШТІ:
«Қарабалық ауданы Бөрлі ауылының бюджетінің кірістер мен шығыстар бөлігі өзгерген отырып, 2025 жылға арналған бюджет жобасын» келісу.
Төрайымы: И.И. Токарева
Хатшы: Г.С. Альтанова