«Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтініш берушінің электрондық өтінішінде көрсетілген өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерінің тіркеу туралы анықтаманың, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәліктің, балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжаттың мәліметтері немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алынады.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не соған уәкілетті тұлға оның құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген баланың (балалардың) туу туралы куәлігін (куәліктерін) ұсынған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, «Апостиль қоюдың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 950, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 702, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 1182, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 30, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 363, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушысының
2021 жылғы 24 қарашадағы № 155, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 574 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 851 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 16116 болып тіркелген), «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес апостиль қою не заңдастыру рәсімдерін өткеннен кейін ғана қабылданады.
Бала туғанда берілетін және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы азаматтық хал актілер жазбасынан мәліметтерді қамтитын анықтама, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы мәліметтерді қоспағанда, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік, сондай-ақ балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банк шотының нөмірі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын талаптар осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес «Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.»;
8-тармақ мынадай редакциядағы үшінші бөліммен толықтырсын:
«Жәрдемақы мөлшерін өзгерту үшін өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 7-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға өтініш береді.»;
33-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторнгтеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.»;
33-1 және 33-2-тармақтармен толықтырылсын:
«33-1. Көрсетілетін қызметті алушы банктік шот нөмірін растағаннан немесе ұсынғаннан кейін Е-макет автоматтандырылған ақпараттық жүйесі автоматты түрде туу және күтім бойынша жәрдемақы тағайындауға арналған электрондық өтінімді тіркейді, шешімнің электрондық жобасымен электрондық істер макетін қалыптастырады және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттері осы Қағидалардың 24-29-тармақтарында көзделген.
33-2. Көрсетілетін қызметті алушы банктік шот нөмірін растағаннан немесе ұсынғаннан кейін Е-макет автоматтандырылған ақпараттық жүйесі автоматты түрде көпбалалы анаға жәрдемақы тағайындауға арналған электрондық өтінімді тіркейді, шешімнің электрондық жобасымен электрондық істер макетін қалыптастырады және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің іс-әрекеттері осы Қағидалардың 24-29-тармақтарында көзделген.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемді тоқтату туралы шешімі негізінде:
1) бала күтіміне байланысты және көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін баланың қайтыс болған және (немесе) баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруына берген жағдайларда;
2) тағайындау үшін негіздемелер жойылған немесе наградталған анаға берілетін жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайларда;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айырылған жағдайларда;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алған жағдайларда;
5) өтініш берушінің жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;
6) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіби білім бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы ол кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқудан шығару жағдайларында;
7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету жағдайларында мән-жайлар туындаған күннен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатады.
Бала күтімі жөніндегі, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыларды тоқтатқаннан кейін оны алуға құқық туындаған кезде өтініш беруші Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жәрдемақыға құқықты растайтын құжаттарды қоса отырып осы Қағидаларға 1, 4, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қайтадан өтініш тапсырады. Өтініш беру күні жүгіну күні болып есептеледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Тоқтатыла тұрған төлемдерді қайта бастау кезінде өтініш беруші қайта ұсынған, төлемді қайта бастау үшін қажетті құжаттармен толықтырылған электрондық шешім жобасы бар электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қайта бастауға негіз туындаған сәттен бастап, бірақ бала бір жарым жасқа толған күннен кешіктірмей Кодекстің 82-бабының 2-тармағында көрсетілген негіз бойынша, осы Қағидаларға 17, 18 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа жүргізіледі.»;
3, 7, 10 және 29-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа5-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі