«Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулы жобасына пресс-релиз
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес қабылданған.
Аталған қаулының жобасын қабылдаудың мақсаты «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту.
Қаулының жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14807669 көпшілік талқылау үшін орналастырылған