2026 жылғы 20 қазанда Святослав ауылында Белоглинка ауылдық округінің әкімі Баймуханов Ж.Б.-ның жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында 2026 жылдың 9 айындағы округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп ұсынылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтан қорғану және электрондық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелер алды.
2026 жылғы 13 қазанда Белоглин ауылында Белоглин ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Баймухановтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ж.Б. Баймуханов 2026 жылдың 9 айындағы Белоглин ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен округті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тұрғындарға заңдылық, адалдық және парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға интернетті пайдалану кезінде сақтық шаралары және интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы айтылды. Цифрлық сауаттылықты арттыру, электрондық сервистерді қауіпсіз пайдалану және онлайн төлемдер жасау кезінде мұқият болу мәселелері қозғалды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер алды.
Бүгін Научное ауылындағы СДК ғимаратында Белоглинка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Баймұхановтың Научное ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі Ж.Б. Баймұханов 2026 жылдың 9 айындағы Белоглинка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді.
Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңдылық, адалдық және парасаттылықтың негізгі қағидаттары, сондай-ақ күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және электрондық сервистерді пайдалану, сондай-ақ онлайн төлемдер жасау кезінде қырағылық таныту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
8 қазан күні сағат 10:00-де Научное ауылдық мәдениет үйінде Белоглин ауылдық округінің әкімі Научное ауылының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізеді.
Хабарландыру
Қарабалық ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2026 жылғы 03 қарашада сағат 10-00-де Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, (Қарабалық ауданы әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2026 жылғы 12 қазаннан бастап 2026 жылғы 02 қарашаға дейін (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 16. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген қағидалар енгізілген өзгерістермен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінің порталында орналастырылған. Конкурстық ұсыныстарды дайындау кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Жалға алу құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
|
№ р/б |
Орнасласқан жері |
Жалпы алаңы, га |
Жер құрамы |
Сапа сипаттамасы |
Бонитет баллы |
Сумен жабдықтау |
Жалдау мерзімі |
Ауылшаруашылық мамандануы |
|
1. |
Михайлов ауылдық округі, № 8 алаң |
54,7 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
44 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
2. |
Михайлов ауылдық округі, № 51,63 алаңдар |
190,3 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
44 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
3. |
Михайлов ауылдық округі, № 131 алаң |
48,5 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
44 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
4. |
Михайлов ауылдық округі, № 66 алаң |
161,8 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
44 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
5. |
Михайлов ауылдық округі, № 22, 23 алаңдар |
89,7 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
44 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
6. |
Өрнек ауылдық округі, № 35 алаң |
83,8 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
32 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
7. |
Өрнек ауылдық округі, № 114 алаң |
247,7 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
32 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
8. |
Өрнек ауылдық округі, № 136 алаң |
203,5 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
32 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
9. |
Өрнек ауылдық округі, № 7 алаң |
179,7 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
32 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
10. |
Лесное ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 104 алаң |
60,2 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
28 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
11. |
Лесное ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 77 алаң |
59,0 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
28 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
12. |
Лесное ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 2 алаң |
75,0 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
28 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
13. |
Лесное ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 6 алаң |
60,5 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
28 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
14. |
Лесное ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 15 алаң |
45,9 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
28 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Хабарландыру
Қарабалық ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізеді, ол 2026 жылғы 27 қазанда сағат 10-00-де Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 31, (Қарабалық ауданы әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу «Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ-де өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 2026 жылғы 05 қазаннан бастап 2026 жылғы 23 қазанға дейін (қабылдау уақыты сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін) он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі 16. Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түседі. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, содан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Жоғарыда көрсетілген қағидалар енгізілген өзгерістермен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық - құқықтық жүйесінің порталында орналастырылған. Конкурстық ұсыныстарды дайындау кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Жалға алу құқығын беру жөніндегі конкурсқа қойылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі
|
№ р/б |
Орнасласқан жері |
Жалпы алаңы, га |
Жер құрамы |
Сапа сипаттамасы |
Бонитет баллы |
Сумен жабдықтау |
Жалдау мерзімі |
Ауылшаруашылық мамандануы |
|
1. |
Победа ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 83 алаң |
83,9 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
39 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
2. |
Победа ауылы (елді мекен шегінен тыс), №17 алаң |
442,6 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
39 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
3. |
Победа ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 18 алаң |
418,5 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
39 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
4. |
Новотроицк ауылдық округі, № 99 алаң |
80,4 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
42 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
5. |
Боскөл ауылы (елді мекен шегінен тыс), № 141, 142 алаңдар |
198,7 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
39 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
6. |
Боскөл ауылы елді мекен (шегінен тыс), № 20 алаң |
47,8 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
39 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
7. |
Қособа ауылдық округі, № 22 алаң |
48,1 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
8. |
Қособа ауылдық округі, № 91 алаң |
140,5 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
9. |
Қособа ауылдық округі, № 130 алаң |
153,2 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
10. |
Қособа ауылдық округі, № 8,9 алаңдар |
309,9 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
11. |
Қособа ауылдық округі, № 140 алаң |
179,8 |
егістік, жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
12. |
Қособа ауылдық округі, № 6 алаң |
121,9 |
жайылым |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Мал шаруашылығы |
|
13. |
Қособа ауылдық округі, № 38 алаң |
362 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
14. |
Қособа ауылдық округі, № 27 алаң |
399 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
15. |
Қособа ауылдық округі, № 28 алаң |
360 |
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
26 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
16. |
Тоғызақ ауылдық округі, № 46 алаң |
21,3
|
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
40 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
|
17. |
Қарабалық кенті № 102 алаң |
261,8
|
егістік |
Қарапайым қара топырақтар |
40 |
Жоқ |
10 |
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын.
Бүгінде жоспар толық орындалды. Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды.
Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында қолға алынуда. Бұл шаралар жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жерлерді шаруашылық айналымына қайта тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
Жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жер заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жүйелі шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды.
Белоглин ауылдық округінің аумағында санитарлық салауаттылықты қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі.
Жүргізілген санитарлық тазалау іс-шараларының нәтижесінде Белоглин ауылында рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды.
Округ тұрғындарына абаттандыру қағидаларын сақтаудың және тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға ғана шығарудың қажеттілігі еске салынады.
2025 жылғы 11 маусымда Белоглин ауылдық округі әкімі аппаратында «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың 2025 жылғы екінші жартыжылдығы мен 2026 жылғы бірінші жартыжылдығындағы нәтижелерін жария талқылау өткізілді.
Қызметтің негізгі бағыттары бойынша талдау қорытындылары, сондай-ақ анықталған ұйымдастырушылық және рәсімдік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шаралар ұсынылды.
Талдау нәтижелері бойынша жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жоқ. Ұсынылған шараларды іске асыру мемлекеттік орган жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.