«Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Белоглин ауылдық округі әкімі (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Белоглин ауылдық округы әкімі аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.
- Толық атауы және заңды мекенжайы: «Белоглин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110901, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Белоглин ауылы, А.Иманов көшесі, 11.
- Әкім аппаратын аудан әкімдігі (облыстық маңызы бар қала) құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
- Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Дата публикации
20 апреля 2026