Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығы жиналысының 2023 жылғы 26 желтоқсан № 10 хаттамасы
Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығы жиналысының № 10 хаттамасы Белоглин ауылы 2023 жылғы «26» желтоқсан Мәдениет үйі сағат 15:00 Қатысқандар: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Баймуханов Ж.Б., жергілікті қоғамдастықтың 7 өкілі: 1. Кондратенко С.М. 2. Шило Е.В. 3. Дятлова Т.В. 4. Шиманская О.Ф. 5. Мухаметшин Д.М. 6. Шуменова Л.Р. 7. Солодкина Г.В. Жиналысты ашты: Белоглин ауылдық округінің әкімі Баймуханов Ж.Б. Әкімнің ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау ұсынылды. Дятлова Т.В., Солодкина Г.В. келесі үміткерлерді ұсынды төрағара Кондратенко Светлана Михайловна, хатшы Шило Евгения Витальевна Дауыс беру нәтижесі: «Қолдаймын» – 7 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Осыдан кейін жиналысты жергілікті қоғамдастықтың төрағасы жүргізді. Төраға: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Белоглин ауылдық округінің әкімінің бастамасымен күн тәртібіне келесі мәселені енгізу ұсынылды: 1.«Белоглин ауылдық округінің 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау». Дауыс беру нәтижесі: «Қолдаймын» – 7 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Төраға: Ұсынылған мәселе күн тәртібіне енгізілді. Жиналысты өткізу регламентін бекіту қажет. Келесі тәртіпті ұсынамын: жиналысты үзіліссіз бір отырыс түрінде өткізу; баяндамашыға – 15 минутқа дейін, түсініктемелер мен басқа да мәселелерге – 3 минуттан аспауы тиіс. Дауыс беру нәтижесі: «Қолдаймын» – 7 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Төраға: Күн тәртібіндегі мәселе – «Белоглин ауылдық округінің 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау». Баяндамашы – округ әкімі Баймуханов Ж.Б. Баймуханов Ж.Б.: 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73-1 және 75-баптарына, сондай-ақ 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Белоглин ауылдық округінің 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасын келісуді ұсынамын (жоба жиналыс мүшелеріне ұсынылды). Төраға: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, Белоглин ауылдық округінің 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасын келісуді ұсынамын. Дауыс беру нәтижесі: «Қолдаймын» – 7 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ ШЕШІМ : Белоглин ауылдық округінің 2024–2026 жылдарға арналған бюджет жобасы ескертулер мен өзгерістерсіз келісілді. Төраға С.М. Кондратенко Хатшы Е.В. ШилоДата публикации
27 декабря 2023