Белоглин ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы жиналысының № 9 хаттамасы 2023 жылғы 14 қараша
Белоглин ауылдық округі жергілікті қоғамдастығы жиналысының № 9 хаттамасы 2023 жылғы 14 қараша Белоглинка ауылы, Иманов көшесі, сағат 11:00 Қатысқандар: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В., жергілікті қоғамдастықтың қатысушылары: 1. Солодкина Галина Владимировна 2. Шуменова Лилия Равильевна 3. Кондратенко Светлана Михайловна 4. Шиманская Ольга Федоровна 5. Дятлова Тамара Викторовна Жиналысты Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. ашты. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Ашық дауыс беру арқылы сайлау ұсынылды. Жиналыс төрағалығына – Дятлова Тамара Викторовнаны сайлау ұсынылды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – 1 Жиналыс хатшысы ретінде – Кондратенко Светлана Михайловнаны сайлау ұсынылды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – 1 ШЕШІМ : 1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы ретінде Дятлова Тамара Викторовнаны ашық дауыс беру арқылы сайлау. 2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы ретінде Кондратенко Светлана Михайловнаны ашық дауыс беру арқылы сайлау. Дауыс беру нәтижесі: «Қолдады» – 5 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Одан әрі жиналысты жергілікті қоғамдастық төрағасы жүргізді. Төраға: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Белоглин ауылдық округі әкімінің бастамасымен күн тәртібіне келесі мәселені енгізу ұсынылды: 1. «Святославка ауылындағы Целинная көшесінің орташа жөндеу жұмыстарының сметалық есебіне өзгерістер енгізу туралы» Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі жиналыс арқылы ашық дауыс берумен бекітілді. Төраға: Жиналысты өткізу регламентін бекітуді ұсынамын жиналысты үзіліссіз бір отырыс ретінде өткізу, баяндамашыға 15 минутқа дейін уақыт беру, пікірлер мен түсініктемелерге – 3 минуттан артық емес. Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі 1. «Святославка ауылындағы Целинная көшесінің орташа жөндеу жұмыстарының сметалық есебіне өзгерістер енгізу туралы» Баяндамашы: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Шуменова М.В. – Белоглин ауылдық округінің әкімі 2023 жылы Святославка ауылындағы Целинная және М.Мәметова көшелерінің ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасалды. Аталған елді мекен еріген қар суларынан жиі су басуға бейім болғандықтан, келесі ұсыныс енгізілді: 1. Святослав ауылындағы Целинная көшесінің орташа жөндеу жұмыстарының сметасына келесі өзгерістерді енгізу: – Су ағуын жақсарту және жол төсеміне су басу қаупін азайту мақсатында Целинная көшесіне қосымша 2 дана су өткізу құбыры орнату. Төраға: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, келесі шешімді келісуді ұсынамын: 1. Целинная көшесінің орташа жөндеу жұмыстарының сметалық есебіне өзгерістер енгізу: – Қосымша 2 дана су өткізу құбыры орнату. Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. ШЕШІМ : 1. Аталған хаттаманы келесі мекемелерге жолдау: • «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-ның ШҚОФ, • «ИП Исмагулов» Целинная көшесіне орташа жөндеу жұмыстарының сметасына келесі өзгерістерді енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін: – Святославка ауылы, Целинная көшесіне 2 (екі) дана қосымша су өткізу құбыры орнату. Төраға Т.В. Дятлова Хатшы С.М. КондратенкоДата публикации
14 ноября 2023