Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысының 2023 жылғы 6 қараша № 8 хаттамасы

Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысының № 8 хаттамасы Белоглинка ауылы, 2023 жылғы 6 қараша Иманов көшесі, 10 Сағат 11:00 Қатысқандар: Шуменова М.В. – Белоглин ауылдық округінің әкімі,жергілікті қауымдастық жиналысының қатысушылары: 1. Шуменова Лилия Равильевна 2. Шило Евгения Витальевна 3. Кондратенко Светлана Михайловна 4. Шиманская Ольга Федоровна 5. Мухаметшин Д.М. Жиналысты Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. ашты. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Төраға мен хатшыны ашық дауыс беру арқылы сайлау ұсынылды. Шуменова Л.Р. – жиналыс төрағасы ретінде Шило Евгения Витальевнаны сайлауды ұсынды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Шиманская О.Ф. – жиналыс хатшысы ретінде Кондратенко Светлана Михайловнаны сайлауды ұсынды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ ШЕШІМ: 1. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы ретінде Шило Евгения Витальевна сайлансын. 2. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс хатшысы ретінде Кондратенко Светлана Михайловна сайлансын. Жиналысты одан әрі жергілікті қауымдастық төрағасы жүргізеді. Төраға: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Белоглин ауылдық округі әкімінің бастамасымен келесі мәселені күн тәртібіне енгізуді ұсынамын: 1. «Белоглин ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігінің өзгерісі туралы бюджеттік мәселені қарастыру» Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі ашық дауыс беру арқылы бекітілді. Төраға: Ұсынылған мәселе күн тәртібіне енгізілді. Жиналысты өткізу тәртібін бекіту қажет. Ұсыныс: жиналысты бір отырыспен, үзіліссіз өткізу. Баяндамашыға 15 минутқа дейін, пікір мен ескертулерге – 3 минуттан аспау керек. Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі: «Белоглин ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігінің өзгерісі туралы бюджеттік мәселені қарастыру» Баяндамашы – Белоглин ауылдық округінің әкімі Шуменова М.В. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Белоглин ауылдық округінің әкімі – М.Шуменова 1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73-1 және 75-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес жергілікті қауымдастық мүшелеріне Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігінің өзгерісі бар бюджет жобасын келісуді ұсынамын (жоба жиналыс мүшелеріне ұсынылды). Төраға: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, келесі шешімді қабылдауды ұсынамын: 1. Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігінің өзгерісі бар бюджет жобасын келісу. Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. ШЕШІМ: 1. Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің 2023–2025 жылдарға арналған кіріс және шығыс бөлігінің өзгерісі бар бюджет жобасы келісілсін. Төраға_________________________ Е.В.Шило Хатшы_________________________ С.М.Кондратенко
Дата публикации
06 ноября 2023