Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысының 2023 жылғы 25 қазан № 7 хаттамасы
Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысының № 7 хаттамасы Белоглинка ауылы, 2023 жылғы 25 қазан Иманов көшесі, 10 үй Сағат 11:00 Қатысқандар: Шуменова М.В. – Белоглин ауылдық округінің әкімі, жергілікті қауымдастық жиналысының қатысушылары: 1. Солодкина Галина Владимировна 2. Шуменова Лилия Равильевна 3. Шило Евгения Витальевна 4. Кондратенко Светлана Михайловна 5. Шиманская Ольга Федоровна Жиналысты Белоглин ауылдық округінің әкімі Шуменова М.В. ашты. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Төраға мен хатшыны ашық дауыс беру арқылы сайлау ұсынылды. Солодкина Г.В. жиналыс төрағасы ретінде Шило Евгения Витальевнаны сайлауды ұсынды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 1 адам Шиманская О.Ф. хатшы ретінде Кондратенко Светлана Михайловнаны сайлауды ұсынды. «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 1 адам ШЕШІМ: 1. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы ретінде Шило Евгения Витальевна сайлансын. 2. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс хатшысы ретінде Кондратенко Светлана Михайловна сайлансын. Жиналысты одан әрі жергілікті қауымдастық төрағасы жүргізеді. Төраға: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Белоглин ауылдық округі әкімінің бастамасы бойынша келесі сұрақты күн тәртібіне енгізуді ұсынамын: 1. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы 2. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі ашық дауыс беру арқылы бекітілді. Төраға: Жиналысты өткізу регламентін бекітуді ұсынамын. Ұсыныс: жиналысты үзіліссіз бір отырыспен өткізу, баяндамашыға 15 минутқа дейін, пікір мен түсіндірмелерге 3 минуттан артық емес уақыт беру. Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. Күн тәртібі: 1. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы 2. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы Баяндамашы – Белоглин ауылдық округінің әкімі Шуменова М.В. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Белоглин ауылдық округінің әкімі – М.Шуменова 2023 жылы Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелері мен Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар (ЖСҚ) дайындалды. Қазіргі уақытта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы жұмыс істеп тұрғандықтан, жергілікті қауымдастық мүшелеріне келесі сұрақтарды қарастыруды ұсынамын: 1. Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы 2. Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы Төраға: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, келесі шешімдерді келісуді ұсынамын: 1. Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы 2. Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Бір ауыздан қабылданды. ШЕШІМ: 1. Белоглинка ауылындағы Әл-Фараби және Абай көшелерінің, сондай-ақ Святославка ауылындағы Целинная және М.Маметова көшелерінің ішкі жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлу туралы мәселені қарастыру үшін хаттаманы уәкілетті органдарға жолдау. Төраға ____________________ Е.В.Шило Хатшы ____________________ С.М.КондратенкоДата публикации
25 октября 2023