Белоглин ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы жиналысының 2023 ж. 16 тамыз № 4 хаттамасы
Белоглин ауылдық округінің жергілікті қауымдастығы жиналысының № 4 хаттамасы с. Белоглинка «__» тамыз 2023 жыл 15:00 сағат Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Белоглинка ауылы, А. Иманов көшесі, 10-үй Қатысқандар: жергілікті қауымдастық жиналысының қатысушылары (4 адам): 1. Кондратенко С.М. 2. Шило Е.В. 3. Дятлова Т.М. 4. Солодкина Г.В. Шақырылған: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Жиналыс заңды деп танылды ТЫҢДАЛДЫ: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В.: Ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы ретінде Шило Е.В.-ні сайлауды ұсынамын. Дауыс берді: «Қолдаймын» – 4 адам, «Қарсымын» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 0 адам. Бір ауыздан қабылданды. Жиналыс хаттамасын ресімдеу үшін хатшыны сайлау қажет. Хатшы ретінде Кондратенко Светлана Михайловнаны ұсыну. Дауыс берді: «Қолдаймын» – 4 адам, «Қарсымын» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 0 адам. Бір ауыздан қабылданды. Шило Е.В. – жиналыс төрағасы: Жиналыс күн тәртібін бекітуді ұсынамын. КҮН ТӘРТІБІ: 1. «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің сандық құрамын және бөлек жиналыстар өткізу қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 18 сәуірдегі №119 шешімінің күшін жою туралы Қарабалық аудандық мәслихаты шешімінің жобасын келісу туралы». Дауыс берді: «Қолдаймын» – 4 адам, «Қарсымын» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 0 адам. Бір ауыздан қабылданды. ШЕШІМ: Күн тәртібі қабылдансын. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Қарабалық аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округі жергілікті қауымдастығы жиналысына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдерінің сандық құрамын және бөлек жиналыстар өткізу қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы 18 сәуірдегі №119 шешімінің күшін жою туралы» шешімін келісу қажет. Дауыс берді: «Қолдаймын» – 4 адам, «Қарсымын» – 0 адам, «Қалыс қалды» – 0 адам. Бір ауыздан қабылданды. ШЕШІМ: 1. Қарабалық аудандық мәслихатының шешімі ескертусіз келісілсін. Шило Е.В. – төраға: Жиналысты жүргізуге қатысты ескертулер немесе ұсыныстар бар ма? Ескертулер мен ұсыныстар жоқ. Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Төраға Шило Е.В. Хатшы Кондратенко С.М.Дата публикации
16 августа 2023