Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 2023 ж. 3 шілде № 3 хаттамасы

Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының № 3 хаттамасы Күні: 2023 жылғы 3 шілде Өткізілген орны: Белоглин ауылы, Иманов көшесі, 10 Уақыты: 11:00 Қатысқандар: Шуменова М.В. – Белоглин ауылдық округінің әкімі. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері: 1. Солодкина Галина Владимировна 2. Шуменова Лилия Равильевна 3. Кондратенко Светлана Михайловна 4. Шиманская Ольга Федоровна 5. Дятлова Тамара Викторовна 6. Чудинов Владимир Анатольевич Жиналысты ашты: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы мен хатшыны сайлауды ұсынды. Ұсынылды: Төраға: Кондратенко Светлана Михайловна (ұсыңған Чудинов В.А.) «Қолдады» – 5 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 1 адам Хатшы: Дятлова Тамара Викторовна (ұсыңған Шиманская О.Ф.) «Қолдады» – 5 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 1 адам ШЕШІМ: 1. Жиналыстың төрағасын ашық дауыс беру арқылы сайлау – Кондратенко Светлана Михайловна. 2. Жиналыстың хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлау – Дятлова Тамара Викторовна. Одан әрі жиналысты төрайым жүргізеді. Төрайым: Күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Белоглин ауылдық округі әкімінің бастамасымен күн тәртібіне келесі мәселе енгізілді: 1. «Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің өзгерісін қарау» Дауыс беру: «Қолдады» – 6 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0 Бекітілді. Күн тәртібі ашық дауыс беру арқылы бекітілді. Регламентті бекітуді ұсынамын:жиналысты бір отырыспен, үзіліссіз өткізу, баяндамашыға – 15 минутқа дейін уақыт беру, пікірлер мен басқа мәселелерге – 3 минуттан аспайтын уақыт бөлу. Дауыс беру: «Қолдады» – 6 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0 Регламент бекітілді. Күн тәртібі бойынша мәселе: 1. «Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің өзгерісін қарау» Баяндамашы: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Шуменова М.В.: 2008 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73-1 және 75-баптарына сәйкес, жергілікті мемлекет басқаруы және өзін-өзі басқару туралы заңдарға сай, Белоглин ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерін өзгерту жобасын қарастырып, жиналыс мүшелеріне ұсындым. Төрайым: Егер сұрақтар мен ескертулер болмаса, бюджеттік жоба өзгерісін қабылдауды ұсынамын. Дауыс беру: «Қолдады» – 6 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0 ШЕШІМ: Белоглин ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінің кіріс және шығыс бөліктеріне өзгерістер енгізу жобасы келісілді. Жиналыс төрайымы:_____________________ Кондратенко С.М.. Жиналыс хатшысы: ______________________Т.В.Дятлова
Дата публикации
04 июля 2023