Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы 2023 ж. 19 маусым №2 хаттамасы

Белоглин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы №2 хаттамасы Өткізілген орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Белоглин ауылы, МҮ Күні: 2023 жылғы 19 маусым Уақыты: 14:30 Қатысқандар:Шуменова М.В. – Белоглин ауылдық округінің әкімі. Жергілікті қоғамдастықтың 4 мүшесі: 1. Кондратенко С.М. 2. Дятлова Т.В. 3. Шиманская О.Ф. 4. Солодкина Г.В. Жиналысты ашты: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Ашық дауыс беру арқылы жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Ұсыныс білдірілді: Төраға: Кондратенко Светлана Михайловна Хатшы: Шило Евгения Витальевна Ұсыныс берушілер: Дятлова Т.В., Солодкина Г.В. Дауыс беру нәтижесі: «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Қаулы қабылданды. Одан әрі жиналысты жергілікті қоғамдастықтың төрайымы жүргізді Төрайым: Күн тәртібін бекітуді ұсынды. Беловлин ауылдық округі әкімінің бастамасымен келесі мәселені күн тәртібіне енгізуді ұсынды: 1. «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін, тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімін және Қарабалық ауданының тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімін зерделеу» Дауыс беру: «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ, «Қалыс қалды» – жоқ Күн тәртібіндегі ұсынылған мәселе бекітілді. Регламент: Төрайым жиналыстың регламентін бекітуді ұсынды: жиналысты бір отырыспен, үзіліссіз өткізу, баяндамашыға – 15 минутқа дейін сөз беру, пікір, сұрақтар мен ұсыныстар үшін – 3 минуттан аспайтын уақыт бөлу. Дауыс беру: «Қолдады» – 4 адам, «Қарсы» – жоқ,«Қалыс қалды» – жоқ Регламент бекітілді. Күн тәртібі бойынша мәселе: 1. «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін, тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімін және Қарабалық ауданының тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімін зерделеу» Баяндамашы: Белоглин ауылдық округінің әкімі – Шуменова М.В. Шуменова М.В.: 2023 жылғы 23 мамырда өткен Қостанай облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2.2-тармағын орындау мақсатында Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін, тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімін және Қарабалық ауданы бойынша осындай тізімді зерделеуді ұсынамын. ШЕШІМ: Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі, тарихи-мәдени мұра нысандарының алдын ала есепке алу тізімі және Қарабалық ауданы бойынша алдын ала есепке алу тізімі ескерілуге қабылдансын. Жиналыс төрайымы:_______________________ Кондратенко С.М. Жиналыс хатшысы:_______________________ Шило Е.В.
Дата публикации
19 июня 2023