2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің түзетілген Азаматтық бекітілген бюджеті

       

2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің азаматтық бюджеті Белоглин ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттарды жұмсауға бағытталуы туралы ақпаратты құрайды.

         Ол құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және ауылдық округ бюджетінің түсуі және шығындалуы» бөлімшелері.

         Ауылдық округтің бюджеті  –  ол әкімшілік-аймақтық бірлік қорытындыларының нақты жетістіктерге жетуге бағытталған ауылдық округ әкімінің, оған ведомствалы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтерімен міндеттерін қаржылық қамтамасыз ету үшін тағайындалған орталықтандырылған ақшалай қор.

          Бюджеттік процесс – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзеу, бюджеттік есепті және есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржыландыруды бақылау бойынша қызмет.

          2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджеттік және Салық кодексіне,  2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 78 шешімімен бекітілген.

2024-2026 жылдарға арналған Қарабалық ауданы Белоглин ауылдық округінің түзетілген Азаматтық бекітілген бюджеті
Дата публикации
25 сентября 2024