2026 жылға арналған мемлекеттік органдарда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 3-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12  бұйрығымен бекітілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес:

  1. Осы өкімінің қосымшасына сәйкес, 2026 жылға арналған мемлекеттік органдарда, ведомстволық бағынысты ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітілсін.
Дата публикации
19 июня 2026