Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 33-баптарына, «Құқық бұзушылықтарды профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, «Консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімін орындау мақсатында  Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
  2. Қоса беріліп отырған, Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
  3. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 37 «Қарабалық ауданы әкімдігінің жанынандағы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» қаулысының күші жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                               Р. Халықов

 

«КЕЛІСІЛДІ »

Қарабалық ауданының прокуроры

___________________А. Исагулов

«___»______________ 2026 жылы

 

«КЕЛІСІЛДІ »

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» Қарабалық аудандық бөлімі бастығының міндетін атқарушы

_________________ А. Жарасбаев

«___»______________ 2026 жылы

 

«КЕЛІСІЛДІ »

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Қарабалық ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

____________________Б. Дисюков

«___»______________ 2026 жылы

 

«КЕЛІСІЛДІ »

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

__________________ Д. Сапанова

«___»______________ 2026 жылы

 

«КЕЛІСІЛДІ »

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қарабалық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушы

_____________________А. Исекова

 «___»______________ 2026 жылы

Қарабалық ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы
Дата публикации
03 марта 2026