«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат

Аудандағы мәдениет мекемелерінің желісі 35 нысанды құрайды, оның ішінде 18 кітапхана (мемлекеттік), 16 мәдени-демалыс мекемесі (мемлекеттік), «Олжа Боскөл Астық» ЖШС жанындағы 1 ауылдық мәдениет үйі (Боскөл а.о.), тілдерді оқыту орталығы.

Ауданның мәдениет мекемелерінің бюджеті 2025 жылы 504187,6 мың теңгені құрады (2024  жылы –494435,8 мың теңге).

Аудандық мәдениет үйі.

Материалдық техникалық базасы 2025 жылы - 21221,3. оның ішінде киіз үй сатып алу 18000,0 т. т., компьютерлер – 1001,3 т.т. (3 бірлік),   сахналық костюмдер тігу - 2220,0т. т.

2025 жылы ауданның мәдениет мекемелеріне 6 адам қабылданды.

101 клуб құрылымдары мен үйірмелер жұмыс істейді (қатысушылар - 1168), оның ішінде ересектер - 54, (729 қатысушы), 47 бала үйірмесі (439 бала) шұғылданады.

Ауданның клуб мекемелерімен 2014 іс - шара өткізіліп, 166559 көрерменге қызмет көрсетілді (2024 жылы 1991 көрермен-173301).

 KPI бағдарламасы бойынша 34 көшпелі концерттер ұйымдастырылды.

Барлығы 35 (Қарабалық ауданы –18, Федоров  ауданы -17) 1565 көрерменге қызмет көрсетілді (2024 – 43 концертке шығу, Қарабалық - 26, Федоров – 17, қамту- 3170).

Орталық аудандық кітапхана

Аудан кітапханаларында  2025 жылғы кітап қоры – 227952 кітап (2024 жылы - 233731), оның ішінде қазақ тілінде – 49806дана (2024 жылы – 49630), келушілер саны – 83425 адам (2024 жылы - 89773),кітап беру – 203127кітап (2024 жылы - 207818); оқырмандар –11124 адам.

23 үйірме жұмыс істейді (қатысушылар - 219), оның ішінде ересектер құрамалары  6 - 64 қатысушы, 17 балалар үйірмесі – 155 бала.

2024 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесі 486 іс – шара өткізді (2024 жылы – 476), оған 6052 адам қатысты (2024 жылы –6480  адам).

Стационарлық кітапханалары жоқ елді мекендерде мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметтерінің қолжетімділік нормативтеріне сәйкес аудандық орталық кітапханасының базасында жылжымалы әдебиет беру пункті жұмыс істейді. Жылжымалы пункт үшін автокөлік бөлінген. Орталық аудандық кітапхана 10 ауылға қызмет көрсетеді (Верен, Гурьянов, Елшан, Ворошилов, Рыбкин, Магнай, Шадықсай, Терентьев, Аққұдық, Котлован).

2019 жылдан бастап аудандық кітапханада «Білім орталығы» коворкинг орталығы жұмыс істейді, онда кітапхана өз пайдаланушыларына ақпарат ұсынады (тегін сымсыз интернет аймағы жұмыс істейді, оқырмандар электрондық қолтаңбасы бар, электрондық үкімет арқылы қажетті анықтамаларды ала алады).

2024 жылдың қазан айында «Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ Станционный а. және Святослав а. ауылдық кітапханаларының коворкинг-орталықтарына жабдық сатып алу үшін 2025 жылға 4957,0 т. т. сомасында қосымша ақшалай қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім берілді.

 

«Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік және басқа да тілдерді енгізуге әдістемелік көмек пен бақылауды жүзеге асырады.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы» КММ-де мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылды.

             Аудан бойынша тіл курстарын тыңдаушылар саны: 2025 жыл – 584 адам (2024жыл – 583).

- қазақ тілі – 459 тыңдаушы / 23 топ ( 3 ауылдық округті қоса алғанда);

- ағылшын тілі-125 тыңдаушы / 7 топ;

Мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту жұмыстары онлайн / офлайн форматта жүргізіледі.Әлеуметтік желілерде сабақтар жарияланады, тыңдаушылар «Whatsapp» мессенджері, «Zoom» платформасы арқылы оқытылады.

Ономастикалық жұмыс

Ауданда 1 кент, 4 ауыл, 8 ауылдық округ (30 ауыл) бар.

Кент (Қарабалық), 3 ауылдық округ (Тоғызақ, Қособа, Өрнек), 9 ауыл(28%) (Бөрлі Босколь Қособақ, Өрнек, Тоғызақ, Сарыкөл, Аққұдық, Шадықсай, Магнай) тарихи атаулары бар.Ескірген атаулары бар екі ауыл (Ворошиловка, Октябрьское).

Мекенжай тіркелімінің деректеріне сәйкес ауданда барлығы 483 көше бар, олардың 112-сі (22,5%) ұлттық бағыттағы атауларға ие. Ономастикалық жұмыс жоспарына сәйкес 23 көшенің (4,7%) идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар.Оның ішінде 12 көше қайта аталуға жатады, ал 11-і үйлердің ұзындығы мен бар-жоғы бойынша сәйкес келмейді.

Тарихи-мәдени мұра

Біздің аймақтың аумағында барлығы 33 нысан бар.

13 нысан Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарихы мен мәдениетінің мемлекеттік тізіміне кіреді, оның ішінде 1 қасиетті нысан (М.Сералиннің қабірі, 1929 жыл, Өрнек а.о.), 1 — қала құрылысы және сәулет (шіркеу, XIX ғасырдың басы, Михайлов а.о.), 1-монументалды өнер құрылысы («Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» ескерткіші, 1970 жыл, Қарабалық кенті), 7 археология ескерткіші (8 Михайловта, 2 Тоғызақ а.о.) және 20 нысан тарихи - мәдени мұраның алдын ала тізіміне енгізілді.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат
Дата публикации
06 февраля 2026