2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлері және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылды.
2025 жылы облыстық бюджеттен берілетін субвенциялар қарастырылмаған.
2025 жылға арналған аудандық бюджетте, облыстық бюджетке аудандық бюджеттен 216,1 млн.теңге көлемінде бюджет қаражатын алу қарастырылған.
Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 168 «Қарабалық ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 7 ақпандағы № 175 сессиясында бекітілген.
1 кесте
2030 жылға дейін облыстың әлеуметтік – экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштердің атауы |
Нақты 2024 жыл |
Жоспар 2025 жыл |
Болжам |
||||
|
2026 жыл |
2027 жыл |
2028 жыл |
2029 жыл |
2030 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
Орташа жылдық ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге |
43407,0 |
46228,0 |
48539,0 |
50966,0 |
53514,0 |
56190,0 |
59000,0 |
|
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
4,0 |
|
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
3692,0 |
3932,0 |
4129,0 |
4335,0 |
4552,0 |
4780,0 |
5019,0 |
|
Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
|
Зейнетақының ең төменгі мөлшері, теңге |
57853,0 |
62771,0 |
65909,0 |
69204,0 |
72664,0 |
76297,0 |
80112,0 |
2 кесте
2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері
млн. теңге
|
Атауы
|
2024 жыл |
2025 жыл |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Түсімдер |
8359,3 |
6983,3 |
6016,0 |
4979,2 |
|
Кірістер, оның ішінде: |
7734,7 |
6698,3 |
5883,0 |
4847,2 |
|
Салықтық түсімдер |
2434,6 |
2994,3 |
2994,3 |
2994,3 |
|
Салықтық емес түсімдер |
18,9 |
15,1 |
15,1 |
15,1 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
3,9 |
6,8 |
6,8 |
6,8 |
|
Трансферттер түсімі |
5277,3 |
3682,1 |
2866,8 |
1831,0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
129,0 |
133,1 |
133,0 |
132,0 |
|
Қарыздар түсімі |
307,3 |
145,5 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджет қаражатының қалдықтары |
188,3 |
6,4 |
0,0 |
0,0 |
|
Шығыстар |
8359,3 |
6983,3 |
6016,0 |
4979,2 |
|
Шығындар, оның ішінде: |
7975,1 |
6650,8 |
5883,0 |
4847,2 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
1650,8 |
1375,4 |
1670,4 |
415,9 |
|
Қорғаныс |
13,8 |
17,4 |
17,4 |
17,4 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Білім |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Денсаулық сақтау |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
333,9 |
416,5 |
343,2 |
343,5 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
1143,3 |
893,5 |
1392,0 |
1860,0 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
758,4 |
863,5 |
696,0 |
721,0 |
|
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
25,2 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
99,6 |
129,5 |
111,9 |
111,9 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
31,1 |
33,7 |
33,6 |
33,7 |
|
Көлік және коммуникация |
2169,1 |
1759,0 |
1196,9 |
909,2 |
|
Басқалар |
1040,8 |
377,8 |
22,7 |
22,7 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
6,1 |
6,2 |
6,2 |
6,2 |
|
Трансферттер |
703,0 |
778,3 |
392,7 |
405,7 |
|
Қаржы активтерін сатып алу |
56,6 |
53,9 |
0,0 |
0,0 |
|
Қарыздарды өтеу |
129,0 |
133,1 |
133,0 |
132,0 |
|
Бюджеттік кредиттер |
198,6 |
145,5 |
0,0 |
0,0 |
Түсімдер
Үш жылдық кезеңге арналған түсімдер құрамында кірістер болжамы аудандар мен қалалар бюджеттеріне 100% мөлшерінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша бөлу нормативтерінің сақталуын ескере отырып қалыптастырылды.
Нәтижесінде 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістер болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 3 016,2 млн. теңге сомасында анықталды.
2026 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 016,2 млн. теңге сомасында анықталды.
2027 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 016,2 млн. теңге сомасында анықталды.
Субвенциялар (аудандық бюджеттен ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджет қаражаты) 2025-2027 жылдарға тиісінше 379,7 млн. теңгені, 392,7 млн. теңгені және 405,7 млн. теңгені құрайды.
3 кесте
Субвенциялар
млн. теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
|
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Барлығы |
358,8 |
379,7 |
392,7 |
405,7 |
|
Қарабалық к. |
27,1 |
63,4 |
64,4 |
65,4 |
|
Белоглин |
25,9 |
26,2 |
27,2 |
28,2 |
|
Бозкөл а. |
25,8 |
27,9 |
28,9 |
29,9 |
|
Бөрлі а. |
31,1 |
35,3 |
36,3 |
37,3 |
|
Лесное а. |
18,3 |
20,9 |
21,9 |
22,9 |
|
Михайлов |
23,4 |
20,5 |
21,5 |
22,5 |
|
Новотроицк |
33,3 |
24,8 |
25,8 |
26,8 |
|
Победа а. |
24,1 |
29,7 |
30,7 |
31,7 |
|
Өрнек |
23,5 |
24,3 |
25,3 |
26,3 |
|
Қособа |
24,9 |
18,3 |
19,3 |
20,3 |
|
Смирнов |
32,9 |
34,3 |
35,3 |
36,3 |
|
Станционный |
28,4 |
26,0 |
27,0 |
28,0 |
|
Тоғызақ |
40,1 |
28,1 |
29,1 |
30,1 |
Шығыстар
Салалар бойынша аудандық бюджеттің шығыстары:
Әлеуметтік блок (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік блок шығыстары: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.
Жалпы, әлеуметтік салаға аудандық бюджет шығыстары 2025 жылы – 1 280,0 млн.теңге, 2026 жылы – 1 039,2 млн. теңге, 2027 жылы – 1 064,5 млн. теңге.
Әлеуметтік салаға арналған облыстық бюджеттің шығыстары
Әлеуметтік салада азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұрын қабылданған барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау негізгі басымдық болып табылады.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
Әлеуметтік қолдау және Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту – біздің мемлекетіміздің саясатындағы маңызды міндет.
Жалпы 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетте әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 1 103,2 млн. теңге қарастырылған (2025 жылы – 416,5 млн. теңге, 2026 жылы – 343,2 млн. теңге, 2027 жылы – 343,5 млн. теңге).
4 кесте
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыруға арналған шығыстар
млн. теңге
|
Іс – шаралар атауы
|
2024 жыл |
2025 жыл |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстары-барлығы: |
333,9 |
416,5 |
343,2 |
343,5 |
|
Әлеуметтік қамсыздандыру |
14,1 |
56,4 |
15,0 |
15,0 |
|
Әлеуметтік көмек |
282,8 |
299,0 |
278,0 |
278,3 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы өзге де қызметтер |
37,0 |
61,1 |
50,2 |
50,2 |
2025 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Қарабалық ауданына республикалық және облыстық бюджеттерден 79,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
2025 жылға арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 41,5 млн. теңге;
мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету және психикалық бұзылыстары бар балалардың санаториялық-курорттық емделу нормативтерін арттыруға – 10,9 млн.теңге;
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне біржолғы төлемдерге, 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне біржолғы әлеуметтік көмекке, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге (тәжік-ауған секторы, Таулы Қарабақ, Ирак және т.б.) және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқан қатысушыларға біржолғы әлеуметтік көмекке – 1,7 млн теңге;
протездік-ортопедиялық құралдарға – 7,2 млн. теңге;
арнаулы жүріп-тұру құралдарына – 2,2 млн. теңге;
тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарға – 1,8 млн. теңге;
санаторий-курорттық емделуге – 14,2 млн. теңге.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Облыстық бюджетте мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығыстарына үш жылдық кезеңге 2 280,5 млн. теңге сомасында қаражат көзделген (оның ішінде 2025 жылы – 863,5 млн. теңге, 2026 жылы – 696,0 млн. теңге, 2027 жылы – 721,0 млн. теңге).
5 кесте
2025-2027 жылдарға арналған шығыстар
млн. тенге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Барлық шығыстар: |
758,4 |
863,5 |
696,0 |
721,0 |
|
Мәдениет саласындағы қызмет |
301,8 |
276,1 |
276,1 |
276,1 |
|
Спорт |
147,3 |
232,7 |
85,1 |
85,1 |
|
Ақпараттық кеңістік |
193,0 |
234,2 |
232,3 |
257,3 |
|
Ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
116,3 |
120,5 |
102,5 |
102,5 |
2025 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері түрінде Қарабалық ауданына облыстық бюджет қаражаты есебінен 174,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
тілдерді дамыту орталықтарының оқытушылары мен басшыларына 35 % мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеуге – 5,7 млн теңге;
жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері үшін 50% мөлшерінде ынталандыру үстемеақысын белгілеуге - 6,8 млн. теңге;
әуесқойлар лигасын өткізуге – 2,3 млн. теңге;
Қарабалық ауданы Магнай ауылында биіктігі 40 метр шыңды-антенна құрылысын салуға - 6,6 млн. теңге;
Қарабалық ауданы Рыбкино ауылында биіктігі 30 метр шыңды-антенна құрылысын салуға (қайта қолдануға) - 3,5 млн. теңге;
Қарабалық ауданының Елшан, Котлован, Веренка ауылдарында биіктігі 24 метр байланыс тірегін салуға - 4,5 млн. теңге;
«Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ жаңа объектісін пайдалануға - 145,2 млн. теңге.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 4 145,5 млн. теңге қарастырылған (оның ішінде 2025 жылы – 893,5 млн. теңге, 2026 жылы – 1 392,0 млн. теңге, 2027 жылы – 1 860,0 млн. теңге).
6 кесте
2025-2027 жылдарға арналған
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары
млн. теңге
|
Іс – шаралар атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
БАРЛЫҒЫ |
1168,5 |
893,5 |
1392,0 |
1860,0 |
|
ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ |
1143,3 |
893,5 |
1392,0 |
1860,0 |
|
Тұрғын үй шаруашылығы |
263,9 |
419,9 |
73,1 |
73,1 |
|
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау |
102,5 |
26,1 |
26,1 |
26,1 |
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру |
2,6 |
5,8 |
2,0 |
2,0 |
|
Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру |
47,6 |
45,0 |
45,0 |
45,0 |
|
Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету |
111,2 |
343,0 |
|
|
|
Коммуналдық шаруашылық |
879,4 |
473,6 |
1318,9 |
1786,9 |
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту |
83,6 |
|
|
|
|
Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту |
795,8 |
473,6 |
1318,9 |
1786,9 |
|
ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНI ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ |
25,2 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Отын және энергетика |
25,2 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Жылу-энергетикалық жүйені дамыту |
25,2 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
2025 жылы Қарабалық ауданының дамуына нысаналы трансферттер түрінде Ұлттық қордың, республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен 810,6 млн.теңге берілді, оның ішінде: - «Коммуналдық тұрғын үй қорын сатып алу» бағдарламасы бойынша 343 млн.теңге бөлінді; - «Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 467,6 млн.теңге бөлінді, оның ішінде: Қостанай облысы Қарабалық ауданы Лесное ауылында су тарату желілерінің құрылысына – 236 млн теңге; Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционное ауылына су тарату желілерінің құрылысына – 79,5 млн.теңге; Қостанай облысы Қарабалық ауданы Приречное ауылына су тазарту және тарату пунктінің құрылысына – 114,5 млн.теңге; Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылында су тарату желілерінің құрылысына – 0,1 млн.теңге;
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглинов ауылдық округінің Белоглинка, Святославка елді мекендеріне Шадыксаев топтық су құбырының магистральдық су құбырын қайта жаңартуға – 5 млн. теңге;
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Сарыкөл, Котлованное елді мекендеріне Шұбартеңіз - Котлованное су құбырын қайта жаңартуға – 32,5 млн. теңге.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
Осы функционалдық топ шеңберінде іс – шараларды іске асыруға үш жылдық кезеңге 353,3 млн.теңге қарастырылды (оның ішінде 2025 жылы – 129,5 млн. теңге, 2026 жылы – 111,9 млн. теңге, 2027 жылы – 111,9 млн. теңге).
7 кесте
млн. теңге
|
Іс – шаралар атауы |
2024 жыл факт |
2025 жыл жоспар |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Барлық шығыстар: |
91,6 |
129,5 |
110,1 |
112,0 |
|
Ауыл шаруашылығы |
41,3 |
52,4 |
45,5 |
45,9 |
|
Жер қатынастары |
25,6 |
46,5 |
29,6 |
30,1 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер |
24,7 |
30,6 |
35,0 |
36,0 |
Ағымдағы нысаналы трансферт түрінде 2025 жылы Қарабалық ауданына облыстық бюджет қаражаты есебінен елді мекендердің әкімшілік шекараларын орнату және жырту жұмыстарына 3,6 млн. теңге аударылды.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындардың жалпы көлемінде ең көп үлесін 2025 жылы өткен кезеңдердегідей ауыл шаруашылығы саласындағы іс – шараларды іске асыруға арналған шығындар – 40,4% немесе 52,4 млн. теңге алады.
Көлік және коммуникация
2025-2027 жылдары көлік және коммуникация саласындағы облыстық бюджеттің шығыстары 3 865,1 млн. теңгені құрайды және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендердегі көшелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға бағытталады.
8 кесте
2025-2027 жылдарға арналған Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар көлемі
млн. теңге
|
Іс – шаралар атауы |
2024 жыл факт |
2025 жыл жоспар |
Болжам |
|
|
2026 жыл |
2027 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
Барлық шығыстар: |
2169,1 |
1759,0 |
1196,9 |
909,2 |
|
Автомобиль көлігі |
2169,1 |
1759,0 |
1196,9 |
909,2 |
2025 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Қарабалық ауданына облыстық бюджеттен 2025-2027 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға 1 321,9 млн. теңге бағытталды, оның ішінде:
- Қостанай облысы Қарабалық ауданының «Бөрлі - Лесное» KP-KR-37 аудандық маңызы бар автомобиль жолының 14,50-31,91 км учаскесін орташа жөндеуге - 688,3 млн. теңге;
- Қостанай облысы Қарабалық ауданының «"Екатеринбург-Алматы" –Победа – Магнай-Новотроицкое-Станционный станциясы» KP-KR-1 р/д аудандық маңызы бар автомобиль жолының 30,1-45,76 км учаскесін орташа жөндеуге - 633,6 млн.теңге.
Сондай-ақ 2025 жылы нысаналы даму трансферттері ретінде республикалық және облыстық бюджеттерден "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша ауданға 355,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылындағы жалпы білім беретін мектеп, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, әкімдік объектілері үшін газбен жұмыс істейтін АЖК құрылысына - 225,6 млн. теңге;
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылындағы «Орталық» стадионын қайта жөндеуге – 129,6 млн.теңге.
«Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша 2025 жылы облыстық бюджеттен 929,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
- иесіз, тозығы жеткен және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттарды бұзуға (ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінде) – 96 млн. теңге;
- елді мекендерде (Қарабалық ауылында) көшелерді жарықтандыруға – 25 млн.теңге;
- жаяу жүргіншілер жолын салуға (Қарабалық ауылында) – 57,1 млн.теңге;
- Қарабалық ауданы Қарабалық ауылындағы Нечипуренко көшесін (0,512 км) орташа жөндеуге – 69,1 млн.теңге;
- Қарабалық ауданы, Қарабалық ауылындағы Больничная (0,339 км) және Қапана Бадырова (1,097 км) көшелерін орташа жөндеуге – 126 млн теңге;
- Тоғызақ ауылы Целинная, Садовая көшелері, Сарыкөл ауылы Мектеп және Көктем көшелерінің қиылысы, Гурьяновское ауылы Молодежная, Абай көшелері, Надеждинка ауылы Советская көшелерін орташа жөндеуге – 37,2 млн.теңге;
- Достық көшесін орташа жөндеуге (Станционный ауылында) – 103,2 млн. теңге;
- Рабочая, Терешков көшелерін орташа жөндеуге (Қарабалық кентінде) – 117,2 млн. теңге;
- Абай көшесін орташа жөндеуге (Белоглинка ауылында) – 55,2 млн. теңге;
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Святославка ауылындағы Целинная - 1050м және М.Маметов - 750м көшелерін орташа жөндеуге (2025 жылға арналған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде) – 89,9 млн. теңге;
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Белоглинка ауылында ұзындығы 1,2 км Әл-Фараби көшесін орташа жөндеуге (2025 жылға арналған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде) – 82,8 млн. теңге;
- Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицкое ауылындағы Трудовая көшесін орташа жөндеуге (2025 жылға арналған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде) – 70,5 млн. теңге.