Қарабалық ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабынасәйкес.
Көрсетілген қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын құру болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Қаулы жобасы «ЭлектрондықҮкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5254313 жарияланған.