Назар аударыңыз! Улы газ!

Егер жанып жатқан бөлмеден шығу мүмкін болмаса, адамдар оттан емес, жану өнімдерімен уланудан және ең алдымен улы газдан жиі қаза табатынын аз адам біледі.

Улы газдың пайда болуының негізгі себебі жану аймағында оттегінің жетіспеуі болып табылады, оттегінің жеткіліксіз берілуі жағдайында улы газ жанбайды және пеш конструкциясының герметикалық емес учаскелері (жарықтары) арқылы таралып, адам ағзасына уытты әсер етуі және улануы (тұтануы) мүмкін. Көбінесе, тұрғындар отын мен көмірдің толығымен жанып кеткеніне көз жеткізбей, пештің түтін тосқауылын жауып тастайды, бұл улы газдың пайда болуына және улануға әкеледі. Улы газдың түсі мен иісі болмағандықтан, оны жай көзбен анықтау мүмкін емес, сондықтан тосқауылды жабу салдары туралы білмей-ақ өз өміріне қауіп төндіреді.

Сондай-ақ, улы газдың пайда болуына қозғалтқышы қосылған автомобильдің жабық үй-жайда ұзақ уақыт тұруы немесе қараусыз қалған газ плиталары ықпал етеді.

                   Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін:

Алдын ала, жаз мезгілінде пештерді жөндеу, түтін құбырларын тазалау, жарықтар мен тартымдарды тексеру, газ плиталарын техникалық тексеру үшін мамандарды шақыру, автокөлік құралдарын пайдалану кезінде мұқият болу қажет.

Сақ болыңыз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

 

 

           Қарабалық ауданының ТЖБ хабарлайды

 

Назар аударыңыз! Улы газ!
Дата публикации
20 февраля 2025