«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарабалық ауданының салық салу объектісінің елді мекендеріндегі орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Аудан әкімі Р. Халықов