Қарабалық ауданының 2020-2022 жылдарға арналған нақтыланған азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, 2018-2022 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары негізінде жүзеге асырылды.

Аудан бюджетіне жоспарланған түсімдер - 6915799,4 мың теңге, оның ішінде:

Салықтық түсімдер - 1 183 961,0 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер-16 548,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер–9 087,0 мың теңге;

Трансферттер түсімі-5 412 215,2 мың теңге;

Бюджеттік кредиттерді өтеу - 36 482,0 мың теңге;

Қарыздар түсімі-217 849,5 мың теңге;

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-39 656,7.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша мыналар жоспарланады:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер-227 954,7 мың теңге;

Қорғаныс – 12 080,0 мың теңге;

Білім беру-3 365 399,8 мың теңге;

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету – 329 575,9 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 095 840,4 мың теңге;

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 320 115,2 мың теңге;

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану-15 098,2 мың теңге;

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары-54 540,2 мың теңге;

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 19 885,1 мың теңге;

Көлік және коммуникация - 716 312,8 мың теңге;

Басқалары-14 115,8 мың теңге;

Борышқа қызмет көрсету – 103,0 мың теңге;

Трансферттер - 407 408,8 мың теңге;

Бюджеттік кредиттер – 217 849,5 мың теңге;

Қаржы активтерін сатып алу – 83 038,0 мың теңге;

Қарыздарды өтеу-36482,0 мың теңге.

Дата публикации
09 сентября 2020