Қарабалық ауданының Қарабалық кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Қарабалық ауданының Қарабалық кенті әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

Қарабалық кенті                                         № 4                              2024 жылғы 24 қаңтар

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабы 1-тармағының                3) - тармақшасына сәйкес, Қарабалық кенті әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарабалық ауданының Қарабалық кенті әкімінің сайлауы 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалған Қарабалық ауданының Қарабалық кенті әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Айна» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                            Г. Баймухаметова                             

Хатшы                                                           Ж. Мукашева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарабалық ауданының Қарабалық кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
24 января 2024