Жангелдин ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс Жангелдин ауданы,Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, 4 (Жангелдин ауданы әкімдігінің 3 қабаты, шағын мәжіліс залы) мекенжайы бойынша 2020 жылғы 14 қырқүйекте сағат 10:00- де өтеді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2020 жылдың 21 тамызынан бастап 11 қыркүйеккке дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (қабылдау уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін-түскі үзіліспен) «Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ: Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Торғай ауылы, Тоқтабаев көшесі 50, мекенжайы бойынша. Конкурсқа қатысуға өтінім 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпарат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз тасығышта, қолма-қол,не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы өтінімдерді беру мерзімі ақталғанға дейін беріледі. Конкурсқа қатысу үшін немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурстық ұсыныстар,өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап аяқталғанға дейін он бес күн ішінде,ұйымдастырушыға қолма-қол тапсырады.