Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының                           2) тамақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Смирнов ауылдық округі елді мекенінің жерлерінде «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 0,0748 гектар жер учаскелерін қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
21 июля 2020