Қарабалық кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы қоғамдық талқылаулардың ХАТТАМАСЫ

 Қарабалық к.                                        №1                              2023 ж. 18 сәуір

Космонавтар к-сі 16                                                                 12-00

 

Төрағалық етті: Қарабалық к. әкімі- К.Нуркешев

Қатысқандар: кенті әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округ және мемлекеттік мекемелердің мамандары. Барлығы 9 адам

 

Күн тәртібінде:

 

  1. 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» ММ жұмысы туралы есеп

 

Тыңдағандар:

  1. Қарабалық кентінің әкімі- К.Нуркешев

  «Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституция мен Қазақстан Республикасының Заңдарына, Президент және Қазақстан Респуликасы Үкіметінің актілеріне, өзге нормативтік құқытық актілеріне, сонымен қатар Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,  мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

          Қарабалық кенті әкімінің аппараты келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

       «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,

      Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Электронды Үкімет» порталы арқылы алуға болады.

      Мемлекеттік  қызметтер қызмет алушыларға тегін, қағаз түрінде ұсынылады.

      Көрсетіліетн мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің  ақпараттық-құқықтық жүйесінде,  Қарабалық ауданының интернет-жүйесінде, кент әкімі аппаратының ақпараттық стендінде орналасқан. «Электронды үкімет» порталы арқылы өз бетінше қызмет алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

      2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағым болмады.           Кент әкімі аппаратында ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп қалыптастырылады, кейіннен оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады.

       Шешті: заңдылық, объективтілік, бейтараптылық, нақтылық қағидаттарына негізделе отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылауды, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен қоғамдық мониторингті тұрақты негізде жүргізу.

 

 

                Қарабалық к. әкімі                                            К.Нуркшев

 

                Хатшы                                                                  И.Зайцева

Қарабалық кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы қоғамдық талқылаулардың ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
18 апреля 2023