Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

 

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына және "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы             29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті: 

ФУ–1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін; 

ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;

ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттердің сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

ФУ-4. Бүріккіш және дәрілегіш техниканың болуы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

ФУ-5. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-ына дейін;

ФУ-6. Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп. Ұсыну мерзімі: ай сайын ААИ-ға, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 10-ына дейін;

ФУ-7. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

ФУ-8. Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін;

Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Қарабалық к, Мира көш. 5, жұмыс тел. 8(71441)3-35-41, ұялы тел. 87058746702, Электрондық мекенжайы: karabalyk_p-rtu@minagri.gov.kz бойынша ұсыну қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

«КР АШМ АӨК МИК Қарабалық

ААИ» ММ өсімдіктерді қорғау және

карантині жөніндегі бас маман-

мемлекеттік инспектор                                                               Е.Л. Егорова

Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы
Дата публикации
22 февраля 2023