Аудандық «Айна» газетінде үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде «Айна» газеті («Айна» аудандық газетінің редакциясы» ЖШС, Қарабалық кенті, Қостанай облысы) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың материалдарын орналастырудың мынадай бағаларын, тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Бағалар:

- сайлау комиссияларының хабарламаларын, ақпараттық материалдарын орналастыру-1 шаршы метр үшін 210 теңге.

– партиялық тізімдер бойынша және бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын, сондай-ақ саяси партиялардың материалдарын дайындау, орналастыру-1 шаршы метр үшін 230 теңге.

Тәртібі мен шарттары

Газетке орналастыруға арналған үгіт материалдары газет шыққанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс; мақалалар – мәтіндік нысанда, жарнамалық модульдер, баннерлер, JPEG форматындағы фотосуреттер (300 dpi).

Аудандық «Айна» газетінде үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы мәліметтер
Дата публикации
03 февраля 2023