«Победа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, ведомстволары жоқ. «Победа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. «Победа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Талдау кезеңі: 2022 жылғы 4 тоқсан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
«Победа ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Штат саны 3 бірлік (мемлекеттік қызметшілер).
Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер теріс себептермен болған жоқ. «Ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша ұжым тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың айналымы жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.
2022 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсетілді-10: е-лиценза арқылы - 0, ХҚКО арқылы - 0, ЭҮП арқылы - 0, ЖАО арқылы -10, Мемлекеттік қызметтерді алудан дәлелді бас тартулар-0, мерзімдерді бұза отырып көрсетілген, сапаға келіп түскен шағымдар, қызметкерлер немесе қызмет көрсету мерзімдеріне қатысты болған жоқ.
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 4 тоқсанда 4 шарт. Осы шарттар ресімделді және олардан Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен-0 шарт;
- өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден-4 шарт;
- ашық конкурс - 0 шарт;
- тікелей жасасу арқылы бір көзден - 0 шарт.
2022 жылдың 4 тоқсанында -1 өтініш тіркелді: оның ішінде жеке тұлғалар - 1, заңды тұлғалар - 0. Мерзімдерін бұза отырып көрсетілген шағымдар болған жоқ. Ауыл әкімінің жеке қабылдауында-0.
2022 жылдың 4 тоқсанында 4 шешім қабылданды, оның ішінде 0 шешім, 22 өкім әділет органдарында тіркелді, оның ішінде 14 негізгі қызмет бойынша және 8 жеке құрам бойынша.
«Победа ауылы әкімінің аппараты» ММ кестеге сәйкес ауылдық округ әкімі азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Қабылдау уақыты туралы ақпарат ақпараттық стендте орналастырылған және БАҚ-та жарияланады. 34-229 сенім телефоны бойынша кез келген азамат Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға құқылы.
ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің сақталуын бақылау кітабы «Победа ауылы әкімінің аппараты» ММ-де орналасқан
Победа ауылының әкімі С. Айкадамов