«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қарабалық аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 12 ақпанға Қарабалық ауданының Қарабалық кенті мен Станционный ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Қарабалық ауданының Қарабалық кенті мен Станционный ауылдық округі әкімдерін сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Қарабалық аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Айна» газетінде жариялансын.
Қарабалық аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Т. Салмина
Қарабалық аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ж. Мукашева
Қарабалық кенті
2023 жылғы 3 қаңтардағы № 1