Қарабалық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Қарабалық ауданы Победа ауылы әкімінің сайлауын 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындау туралы
Қарабалық к. 26 мамыр 2020 жыл № 2
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылуының аяқталуына, Қарабалық ауданының Победа ауылы әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қарабалық ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы Победа ауылы әкімінің сайлауы 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындалсын.
2. Мерзімдері белгіленсін:
1) 2020 жылғы 7 маусымнан 11 маусым аралығында әкіміне үміткерлер ұсынылсын;
2) 2020 жылдың 7 маусым 21 маусым аралығында әкіміне үміткерлер тіркелсін.
3. Қарабалық ауданы Победа ауылы әкімінің 2020 жылғы 7 шілдеге тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
4. Сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес өткізілсін.
5. Осы қаулы Қарабалық ауданының әкіміне, Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.
6. Осы қаулы аудандық «Айна» газетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Т. Салмина
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Ж. Мукашева