Статистикалық және талдамалық ақпарат (2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларына деректер)

  1. Ауыл шаруашылығы:

Жыл басынан бері мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені 12075,5 тонна немесе 93,4%. Сауылған сиыр сүті 14591,0 тонна немесе 100,1%. Алынған тауық жұмыртқасы 7447,6 мың дана немесе 93,6%. Сондай-ақ бір сауынды сиырға шаққандағы орташа сауылым 2417 кг немесе 100,0%. Бір мекиен тауыққа шаққандағы орташа жұмыртқа шығымы 125 дана немесе 100,0%.

Аудан бойынша ІҚМ саны- 29002 немесе 88,3%, с.і. сиыр- 10668 немесе 93,3%, қой- 25034 немесе 140,4%, ешкі- 652 немесе 127,1%, шошқа- 5102 немесе 86,8%, жылқы- 7243 немесе 132,3%, түйе- 7 немесе 2,3 есе, құс- 289622 немесе 57,4%.

100 аналыққа шаққанда 82 бастан алынған төл бұзау - 9112 немесе 98,2%, 100 аналыққа шаққа 593 бастан торай – 4916 немесе 78,3%, 100 аналыққа шаққанда 91 бастан қозы – 9880 немесе 124,7%, 100 аналыққа шаққанда 45 бастан лақ -77 немесе 97,5%, 100 аналыққа шаққанда 51 бастан құлын – 1342 немесе 111,6%.

  1. Өнеркәсіп:

2022 жылғы қаңтар-қазан айларына қолданыстағы бағаларда өнеркәсіп өнімі (тауарлар мен қызметтер) 6923,2 млн.теңгеге өнідірілді. Сондай-ақ нақты көлем индексі 132,5% болды.

  1. Инвестициялар:

Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар 10254 млн.теңге игерілді немесе 128,3%, соның ішінде тұрғын үй құрылысында 120 млн.теңге. Іс жүзінде    республикалық бюджеттен 1193 млн.теңге пайдаланылды, жергілікті 1295 млн.теңге, жекеменшік қаражаттан 3749 млн.теңге, қарыз 3643 млн.теңге, банк кредиттері 374 млн.теңге құрды.

Жыл басынан бері 2728 ш.м. жалпы алаң пайдалануға берілді.

  1. Сауда:

Аудан бойынша бөлшек сауда қаңтар-қазан айларында 4062994 мың.теңге немесе 103,4% құрады.

  1. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы:

Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекте 193469 теңге құрады, сондай-ақ өсім 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 23,8% -ға жетті.

 

 

 

 

 

Статистикалық және талдамалық ақпарат (2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2022 жылғы қаңтар-қазан айларына деректер)
Дата публикации
14 ноября 2022