«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен талқылау үшін 2022 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2022 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау мерзімі орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмайтынын еске саламыз.

Ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды кarabalyk_ozisp@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз,  өйткені Қарабалық ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.

   №

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

 Қарт адамдар үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге және жаңа жылды мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру 

 672482.14

Үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары

Қарабалық ауданының азаматтары 

Егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, қарым-қатынас жасау, өмірге деген оң көзқарасты сақтау үшін жағдай жасау. Егде жастағы азаматтардың қарым-қатынас шеңберін кеңейту.

 

«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен талқылау үшін 2022 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.
Дата публикации
13 октября 2022